empty

Alligator индикаторы: сипаттамасы, баптау және қолдану

Alligator техникалық индикаторы Билл Вильямстың кітаптарының арқасында белгілі, кітапта ол нарық уақыттың көп бөлігінде флэтте болатынын, яғни ешқайда қозғалмайтынын жазған. Уақыттың тек 15–30% нарықта тренд байқалады. Бағаның бағытталған қозғалысы кезеңінде трейдерлер барынша көп пайда табады. Аллигатор индикаторы белгілі бір сәтте нарықтың жағдайын бағалауға және кіру үшін сәтті уақытты таңдауға мүмкіндік береді.

Графикте Alligator техникалық индикаторы - бұл фрактальді геометрияны және сызықтық емес динамиканы пайдаланатын «Баланс Сызықтарының» (сырғымалы орташа, Moving Averages) комбинациясы.

  • Көк сызық (Аллигатордың Азуы) — бұл графикті құру үшін қолданылған, уақыттық кезеңге арналған Баланс Сызығы (болашаққа 8 барға ығысқан, 13-периодтық сырғымалы орташа).
  • Қызыл сызық (Аллигатордың Тісі) — бұл бірқатар төмен кеткен, маңызды уақыт кезеңі үшін Баланс Сызығы (болашаққа 5 барға ығысқан, 8-периодтық сырғымалы орташа).
  • Жасыл сызық (Аллигатордың Ерні) — бұл тағы бір қатарға төмен, маңызды уақыт кезеңі үшін Баланс Сызығы (болашаққа 3 барға ығысқан, 5-периодтық сырғымалы орташа).

Аллигатордың Ерні, Тісі және Азуы түрлі уақыт кезеңдерінің өзара іс-әрекетін көрсетеді. Нарықтағы трендтерді уақыттың 15-30 пайызында ғана бөліп көрсетуге болатындықтан, трендтерді орындап, белгілі бір баға кезеңдері шегінде ғана өзгеретін нарықта жұмыс істеудің қажеті жоқ.

Азуы, Тісі мен Ерні жабық болса немесе айқасқан болса, Аллигатор ұйықтауға жиналғаны немесе ұйықтап жатқаны. Ол ұйықтап жатқанда, оның аштығы арта түседі — неғұрлым ұзақ ұйықтаса, оянған кезде соғұрлым аш болмақ. Оянған кезде алдымен жасайтыны - Азуын ашып, есіней бастайды. Содан кейін Аллигатор нарықта «бұқалардың» немесе «аюлардың» пайда болуын күтіп, оларды аулауға шығады. Аллигатор тойынғанда, оның бағаға қызығушылығы жойыла бастайды — бұны Баланс Сызықтарының қосылуынан көруге болады. Бұдан кейін пайданы тиянақтауға арналған уақыт келеді.

 аллигатор индикатор

Есептеу

MEDIAN PRICE = (HIGH + LOW) / 2

ALLIGATORS JAW = SMMA (MEDIAN PRICE, 13, 8)

ALLIGATORS TEETH = SMMA (MEDIAN PRICE, 8, 5)

ALLIGATORS LIPS = SMMA (MEDIAN PRICE, 5, 3)

Мұнда:

MEDIAN PRICE — медиан бағасы;

HIGH — бардың максималды бағасы;

LOW — бардың минималды бағасы;

SMMA (A, B, C) — жатықталған сырғымалы орташа. А Параметрі — жатықталатын деректер, В — жатықтау кезеңі, С — болашаққа ығысу. Мысалы, SMMA (MEDIAN PRICE, 5, 3) жатықталған сырғымалының медианды бағадан алынатынын білдіреді, бұл кезде жатықтау кезеңі 5 барға тең, ал ығысу — 3 тең;

ALLIGATORS JAW — Аллигатордың Азуы (көк сызық);

ALLIGATORS TEETH — Аллигатордың Тістері (қызыл сызық);

ALLIGATORS LIPS — Аллигатордың Ерні (жасыл сызық).

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.
 

Dear visitor,

Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.

If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.

Why does your IP address show your location as the USA?

  • - you are using a VPN provided by a hosting company based in the United States;
  • - your IP does not have proper WHOIS records;
  • - an error occurred in the WHOIS geolocation database.

Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.

We are sorry for any inconvenience caused by this message.