Сондай-ақ қараңыз
«Сырғымалы Орташаның Қосылу/Алшақтау» (MACD) Техникалық Индикаторын Джеральд Аппель 1979 жылы әзірлеп, тауар-шикізат және қор нарықтарындағы жұмыста қолданды. MACD техникалық талдау осцилляторына жатады және кейіндері түрленген —MACD гистограмманың бірінші нұсқасы болып табылады. Алайда, оны көптеген трейдерлер қарапайымдылығы және сигналдарды қалыптастыру кезінде үлкен «шулардың» болмайтыны үшін әлі күнге дейін жақсы көреді.
MACD = (ЕМАs(P) – EMAl(P)),
Signal = SМАa(ЕМАs(P) – EMAl(P)), где
ЕМАl(P) — бағадан периоды ұзын экспоненциалды сырғымалы орташа;
EMAs(P) — бағадан периоды қысқа экспоненциалды сырғымалы орташа;
SМАa(P) — басқа екі сырғымалының айырмасынан периоды қысқа жатықтайтын сырғымалы орташа;
P — баға close.
MACD классикалық нарықтық осцилляторы, флеттік қозғалыстар кезеңінде де, сондай-ақ бағытталған трендте де бірдей дәрежеде жұмыс істейтін индикаторларға жатады. Бүйірлік баға өзгерістері кезінде ғана қолданылатын Стохастикалық осциллятормен салыстырғанда, MACD трейдингте пайдалану тұрғысынан алғанда мульти нұсқалы болып табылады.
MACD қалыптастыратын басты сигнал, —сигналдық сызықтың индикатордың негізгі сызығымен қиылысуы. Сигналдық сызық (қызыл) негізгі сызықты (көк) төменнен жоғары қарай кесіп өтетін жағдай, ұзын позицияларды ашу үшін қолайлы сәт ретінде бағаланады. Бағытталған трендте индикатор сызығының кері қиылысында мәмілені жабу қажет.
Егер қызыл сызық көк сызықты жоғарыдан төмен қарай кесіп өтсе, қысқа позицияларды ашу үшін сигнал пайда болады. Бағытталған трендте мәмілені, сондай-ақ индикатор сызығының кері қиылысында жабу қажет.
Классикалық индикатор MACD дивергенция және конвергенция сигналдары негізінде саудалау тұрғысынан алғанда, көрнекі болып табылмайды. Бұл үшін ең дұрысы MACD гистограмманы пайдалану.
Стандартты, баптаулары тиімді етілмеген MACD жұмыс істегенде оңтайлы таймфреймдер H4, Daily, Weekly болып табылады.
FastEMA = 12
SlowEMA = 26
SignalSMA = 9
ИнстаФорекс клубы
Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.
If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.
Why does your IP address show your location as the USA?
Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.
We are sorry for any inconvenience caused by this message.